Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Сақтандыру Агенттің мектебі

«Сақтандыру Агенттің мектебі» -  біздің сақтандыру Агенттерді және Агенттермен жұмыс жасау Менеджерлерін оқыту, олардың санаттарын жетілдіру мақсатында  2007жылдың басында құрылған «Казкоммерц-LIFE» АҚ бөлімшесі.

«Сақтандыру Агент  мектебінің» жұмыс ңәтижесі келесі жағдайларға бағытталған:

1.Сақтандыру саласында білім мен дағдысына ие болушы агентті «Казкоммерц-Life»АҚ адал ниет білдіретін, сақтандыру қызметін кәсіптік шебер сатушы ретінде қалыптастыру;

2. Агенттік жүйесі қызметкерлердің кәсіптік қабілетін үнемі жетілдіру;

3.жаңа өнімдерді және әртүрлі клиенттік топтарымен жұмыс жасау барысында жаңа технологияларды оқыту;

4. сақтандыру шарттардың саны мен сапасын көтеру арқылы Компанияның бизнес көрсеткіштерін  жақсарту.

 Жалпы, сақтандыру агенттерді оқыту  біздің бағдарламамыз адамның жан-жақты дамуына бағытталған, сабақтарда біз әр тындаушының мүмкіндігін ашуға тырысамыз. Дәрістер 10-12адамнан құрылған топтарда өткізіледі, бұл тренингтің әр қатысушысына жеке қарауға мүмкіндік туғызады. Оқыту жүйесінде біз теория мен сарамандық жұмысты біріктіруге тырыстық, өйткені бұл жұмысты жаңа бастаған Агенттерге сақтандырудың мәнін түсініп, сатудың сырын меңгеруге, ал тәжірибелі сатушыларға өз кәсіби шеберлігін шындауға мүмкіндік береді.

Сақтандыру Агенттер мектебінде жаңа өзекті мамандық алуға көмектесетін Сақтандыру агенттерді тиімді дайындау жүйесі жүзеге асырылады.

Сақтандыру агенттер мектебінде оқыту  ақысыз жүргізіледі, және 3 кезеңнен тұрады:

  1. Сақтандырудың негіздері;
  2. Біздің Компания ұсынатын сақтандырудың барлық өнімдері;
  3. Сақтандыру өнімдерді сатудың  қазіргі техникасы.

Бұл кезеңде Агент тек бастапқы деңгейде оқытылады. Жаңа келген агент біздің Менеджердің қарауында болады, оған кәсіпті игеру ең қиын кезінде қажетті қолдау көрсетіледі. Бірінші кезекте, Клиентпен алғашқы кездесу барысында көмек көрсету, Агент кәсібіне тиісті өнімдері және құжаттарды жүргізу бойынша қосымша оқыту. Оқу аяқталғаннан кейін Агенттер 2 ай мерзім бойы тәжірибелі менеджердің - сіздің тікелей басшының жетекшілігінде сынақтан өтеді.

2-ші кезең жұмыс жасайтын агенттерге бағдарланған.

Екінші кезеңді тәжірибе жинақтау және өзіндік жұмыс жасау кезеңі деп сипаттауға болады. Біздің менеджердің көмегімен тәжірибелі агенттер сатылым көлемін он есе  көбейте алады.Сондықтан бұл кезеңде Клиентерге тиімді қызмет көрсету арқылы сатылым көлемін жоғарлату үшін тығыз оқыту жүргізіледі. Бұл оқыту кезеңі өзінің қабілетін көрсете білген, осы салаға қызығушылық білдірген агенттерге бағытталған, яғни, сақтандыру саласында жан-жақты маман ретінде танытады.

3-ші кезең  «Казкоммерц-LIFE»АҚ «Суперагенттеріне» арналған.

Кәсіптік дамудың үшінші кезеңі өз жұмысындағы еркіндікпен, өзінің сақтандыру портфельге ие болуымен және бизнес шегін өзіндік бекітуімен ерекшеленеді. Әдетте, жұмыстың нәтижесі «Суперагенттің» ұйымдастырылушық, әкімшілік және уақыттық  резервтеріне байланысты.

«Казкоммерц-LIFE»АҚ «Сақтандыру агенттер мектебінің» әр кезеңі үшін  біздің ұжымдық жаттықтырушыларымен арнайы тренинг жүйесі қарастырылған, олардың әрбіреуі өткеннен кейін Сақтандыру Агентке Куәлік беріледі.

Оқыту интерактив түрінде өтеді. Клиенттерді табу, телефон арқылы сөйлесу, байланысу – сыныптың өзінде оқытылып, меңгертіледі.Алған білімді пысықтау үшін біз оқытудың әртүрлі әдістерін қолданамыз - рольдік, іскерлік ойындар, пікірталас және «кейс».Тренингте сіздің жұмысыңызда кездесетін мәселелер анық талқыланады және әр Агенттің мансабын жоғарлату мақсатында тиімді салалар анықталады.

Егер Сіз болашағы мол Сақтандыру Агент мамандығын игергіңіз келсе және «Казкоммерц-LIFE»өмірді сақтандыу Компаниясында өз жұмысыңызды басталуына ниет білдірсеңіз, еркін нысанда жасалған түйіндемеңізді, «Сақтандыру Агенттер мектебі»деп белгілеп, аумақтық бөлімшенің мекен-жайы бойынша жіберіңіз.

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz