Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Компанияның кірісіне қатысуымен өмірді жинақтаушы сақтандыру - «Бәйтерек»

CӘТТІ ДЕ ЖАЙЛЫ ӨМІР СҮРУ ҚҰПИЯСЫ

Өмірде сеніп, қол жеткізем деген мақсаттар бар. Менің мақсатым – лайықты өмір сүру және отбасымның келешегіне сенімді болу. Өмірім мен денсаулығыма қатысты туындайтын қандай да бір қатер мақсатымның жүзеге асырылуына кедергі бола алатынын есептен шығармаймын. Отбасы амандығы  туралы сөз қөзғалғанда, шетте тұра алмаймын, сондықтан  мен «Казкоммерц-Life» АҚ «Байтерек» өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын таңдаймын.   

Қаржы жоспарларды жүзеге асырып, отбасымның келешегін қамтамасыз етуге маған өмірді жинақтаушы сақтандыру Полисі - «Байтерек» көмектеседі!   

Өмірді жинақтаушы сақтандыру Полисі - «Байтерек» кепілді қаржылық қорғауға, ұзақмерзімді қаражат жинақтауға және қосымша инвестициялық кіріске ие болуға бағытталған. Бұл бағдарлама келеңсіз жағдайдан шығу амалын тауып, өзіне және өз жақындарына материалдық жәрдем  көрсете алатын адамдар үшін тиімді.     

Өмірді жинақтаушы сақтандыру қалай жұмыс істейді?

Сақтандыру компаниясы сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда сақтандыру шарты бойынша барлық сақтандыру сомасын (клиент алғашқы сақтандыру жарнасын ғана төлеп үлгірсе де), сондай-ақ, сақтандырылушы еш келеңсіз жағдайға ұшырамаса, сақтандыру мерзімі аяқталғанда сақтандыру сомасын төлеу міндеттемесін өзіне алады.     

«Байтерек» бағдарламасы бойынша шарт жасасаңыз, дүниеден кез келген себепті өткен жағдайда кең сақтандыруқорғауы қамтамасыз етіледі,  және де күтпеген жағдайлар туындағанда төленетін сақтандыру өтемақыларының кез келген қосымша кешенін өз қалауңызша  таңдай аласыз:

  • өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғасы орын алған жағдайда екі есе артқан сақтандыру сомасының төленуі (негізгі және қосымша өтелім бойынша);

  • жазатайым оқиғасы салдарынан 1,2-топ мүгедектігі анықталған жағдайда – қосымша сақтандыру сомасының төленуі; 

  • жазатайым оқиғасы салдарынан еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда – емге байланысты шығындардың өтелуі;

  • *аса ауыр науқастық анықталған жағдайда сақтандыру сомасының төленуі;

  • жазатайым оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған жағдайда – өтемақының төленуі;   

  • жазатайым оқиғасы салдарынан 1,2-топ мүгедектігі анықталған жағдайда, ал сақтандыру қорғауының 3-ші жылында кез келген себеп бойынша – сақтандыру жарналарын төлеуден босату. 

     

    * аса ауыр науқастық – сақтандырылған тұлғаның өмірлік салты мен өмір сапасын айтарлықтай бұзып,төмендеткен, мүгедектікке ұшырататын және өлім-жітімнің аса жоғары деңгейімен сипатталатын ауру, ауру белгісі (ісік аурулары, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жетімсіздігі және т.б.). 

 «Байтерек» сақтандыру полисінің қосымша құндылығы – кепілді кірістің қамтамасыз етілуі,  сондай-ақ сақтандыру бағдарламасы бойынша құнсыздану тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін, Компанияның табысына қатысу арқылы қосымша кірістілікке*(сақтандырудың 3-ші жылынан бастап)ие болу мүмкіндігі.

  «Байтерек» бағдарламасының маңызды ерекшелігі: Компанияның сақтандырылған клиенттері ретінде балалар да болуы мүмкін. Сақтандырылуға 2 және одан да үлкен жастағы балалар алынады.   

Сақтандыру бағдарламасы бойынша ең аз мөлшердегі сақтандыру жарнасы – ай сайынғы төлеммен 5000 теңгеден  бастап. 

Өзге өнімдер:

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz