Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Қайта ұйымдастыру жайында нені білу қажет?

«Казкоммерц-Life» АҚ клиенттері мен серіктестері!

«Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің ӨСЖЕК» АҚ-ның бірігу түрінде компаниялардың қайта ұйымдастырылуы жөнінде қабылданған шешімге байланысты осы сұрақ төңірегінде қосымша ақпараттарға назар аударыңыздар.  

 

1

Не себептен компаниялар қайта ұйымдастырылып жатыр?

 

2014 жылғы 4-ші шілдеде Қазкоммерцбанк «Самұрық-Қазына» қорынан БТА Банк акцияларының 46,5% сатып алған. БТА Банктің сондай үлесі жеке инвестор - кәсіпкер Кеңес Ракишевтің иелегіне өтті. Қалған акциялардың 4,26% көлеміндегі үлесін «Самұрық-Қазына» сенімгерлік шартымен Қазкоммерцбанктің басқаруына берді, соның нәтижесінде Қазкоммерцбанк БТА Банкіне толықтай басқару құқығын алды. Қазіргі уақытта қос банктің бірігу процесі жүріп жатыр. Міне, осы процестердің аясында біз екі ірі сақтандыру компаниялардың - «Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің ӨСЖЕК» АҚ біріктіруін жүргізудеміз.

Сонымен, 2014 жылғы 27-ші қарашада «Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің ӨСЖЕК» АҚ-ның акционерлерінің біріккен басқосуында бірігу түрінде компаниялардың қайта ұйымдастырылуы жөнінде және нәтижесінде барлық басқару құқықтары мен міндеттемелері қосып алушы компанияға өтеді деген шешім қабылданды.

2

Компанияларды біріктіру, қайта ұйымдастырудың мәні неде?

  1. Біріктіру қашанда синергия әсерін береді. Екі компанияның ең мықты тұстары қосылып, тиімділік арта түседі.
  2. Қазіргі уақытта екі компанияның нарықта сақтандыру сыйлықақы көлемі бойынша жағдайы бірдей. Біріктірілген компанияның нарықтағы үлесі артады, сату нүктелері көбейеді және қос компанияның тек үздік технологиялары мен жаңартпалары (сақтандыру жарнаны on-line төлеу, клиенттер мен агенттердің Жеке кабинеті және т.б.) қолданылады. Қайта ұйымдастырылу аяқталған соң компания нарықтағы ең ірі сақтандыру компаниялардың қатарына кіру мақсатын алдына қойып отыр.
  3. Компания нарықтағы қатысуын агенттік желілердің біріктірумен күшейтуді жоспарлауда және клиенттерге сақтандыру өнімдеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуде.

3

Қазір біріктіру процесі қай кезеңде?

Қос компанияны қайта ұйымдастыру жайында акционерлер шешімді қабылдады. Ал, осы компаниялардың заңды бірігуіне уәкілетті органның рұқсаты қажет.

4

Жаңа компанияның атауы қандай болады?

Қайта ұйымдастырылған «Казкоммерц-Life» АҚ компаниясы ертеден келе жатқан екі сақтандыру компаниялардың тарихы мен Қазақстанның нарығында қол жеткізген тәжірбиелері мен жетістіктерінің иесі болады. Компанияның атауы жайындағы мәселе өте маңызды және ол әлі де қарастырылатын болады. Кез-келген қабылданған өзгерістер жайлы компания өз клиенттері мен серіктестеріне міндетті түрде қосымша хабарлап тұрады.

5

Қайта ұйымдастыру процесі қаншалықты ұзақ болады және осы кезеңде компаниялар қалай жұмыс істейді?

Қайта ұйымдастыру және біріктіру процесі күрделі және бірнеше айға созылуы мүмкін. Бұл жұмыстар ҚКБ мен БТА Банктің біріктірілу тәжірбиелерінің негізінде өтеді. Қос компанияның заңды түрінде бірігуіне дейін «Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің ӨСЖЕК» АҚ-ның клиенттеріне бұрынғы қалыпта қызмет көрсетіледі. Өнімдер мен ертеде ресімделген сақтандыру келісімдері бойынша шарттар еш өзгермейді, қаз-қалпында сақталады. «Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің ӨСЖЕК» АҚ-ы КАЗКОМ тобының құрамында өз сақтандырушылары алдында қабылдаған барлық міндеттемелерін орындайды. Сақтандыру туралы келісімдердің сақтандыру шарттары еш өзгермейді және келісімдердің әрекет ету мерзіміне дейін әрекет етеді.

6

Бірігу кезеңінде сақтандыру келісімі жоғалып кетуі мүмкін бе?

Бұлай болуы мүмкін емес, өйткені сақтандыру келісімдері қағаз түрінде де, электрондық түрде де сақталады. Оның үстінде компаниялардың құжаттары мен мұрағаттары толығымен сақталады. Ал, деректер қоры клиенттер турасында ақпараттарды жоғалтып алмас үшін біртіндеп бірігеді.

7

Сақтандыру келісімдеріне сәйкес қол қойылған шарттар сақталады ма және компаниялар осы келісімдер бойынша өз міндеттемелерін орындай ма?

Сақтандыру келісімдеріне сәйкес қол қойылған барлық шарттар сақталады. Қос компания барлық сақтандыру келісімдеріне сәйкес өз Сақтандырушылары алдында өз міндеттемелерін үздіксіз орындауда. Келешекте, біріктірілген компания екі компания қабылдаған барлық міндеттемелерінің құқық мұрагері болады.

8

Бірігу кезеңінде сақтандыру келісімдері бойынша клиенттерге қызмет көрсету қалай өтеді? Сақтандыру жағдайлары кезінде клиент қайда хабарласады?

Заңды түрде бірігу жүргізілгенше клиенттерге бұрынғы қалыпта қызмет көрсетіледі. Сақтандыру жағдайлары туындаған уақытта талаптарды реттеу үшін және сақтандыру келісімдеріне қызмет көрсету жөнінде барлық сұрақтары бойынша бұрынғы байланыс телефондары мен мекенжайларға хабарласуға болады. Қос Компаниялардың мекенжайлары немесе байланыс ақпараттарының өзгеруі жайында біз уақытында өз клиенттерімізді смс хабарламаны тарату арқылы сондай-ақ қос компанияның ресми сайттарында өзекті ақпараттарды жариялау арқылы хабардар етеміз.

9

Компанияларды біріктіру кезінде сақтандыру жарналары жоғалмай ма?

Менің сақтандыру келісімім әрекет ететіні жөнінде және компания өз міндеттемелерін орындап жатқаны жайында қайдан білуге болады?

Заңды тұлғалардың активтерін біріктіру заңнамамен ескерілген, сол себепті жоғалып кету тәуекелі мүлдем қарастырылмайды.

Құқықтық мирасқорлық, сонымен қатар сақтандыру келісімдері бойынша тиісті хабарламалар БАҚ-да жарияланады.

 

10

Біріктірілген компания менің сақтандыру келісімім бойынша барлық міндеттемелерін толық көлемінде орындайды деген кепілдіктер бар ма және олар қандай?

Сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін беру алдында ҚР Ұлттық Банкі компаниялардың пруденциялық нормативтерінің қатаң сақталуын жете тексереді, бұл клиенттерге қос компанияның әрекет ететін барлық сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді.

11

Сақтандыру жарналарын қай компанияға төлеу қажет?

 

Интеграция кезеңінде сақтандыру жарналары бұрынғы қалыпта төленеді. Әр клиент өзіне ыңғайлы түрімен жарнаны төлей алады. Егер де төлеу түрінде қандай да бір өзгерістер болатын жағдайда екі Компанияның клиенттері тиісті хабарламаларды алады.

12

Клиент әрекет ететін сақтандыру келісімін бұза алады ма? Келісімді қандай шарттармен бұзуға болады?

Клиенттер сақтандыру келісімдерін оны ресімдеу кезінде әрекет еткен сақтандыру келісімдеріндегі шарттарға және сақтандыру Ережелеріне сәйкес бұзуға құқылы.

13

Интеграцияның компания қызметкерлеріне әсері қандай болмақ?

Біріктірілген компанияның нарықта өз үлесін кеңейту жөнінде алдына қойған мақсаты зор, сол себепті оған өте білікті және білімді мамандар қажет. Екі компания біріктірілген соң қос компания қызметкерлерінің сақтандыру нарығында үлкен келешегі бар қаржы жағынан тұрақты ірі компанияда жұмыс істеуге мүмкіндігі туады.

14

Бірігуден клиенттер қосымша қандай артықшылықтарға ие болады?

 

1. Клиенттер үшін сату нүктелері (географиялық тұрғыда қолжетімділік артады) көбейеді;

2. «БТА Өмір» АҚ клиенттеріне кең таралған Казком+БТА терминалдар жүйесі мен Homebank интернет-банкинг арқылы сақтандыру сыйлықақысын төлеу қолжетімді болады;

3. Қос компания Клубтарының бірігуіне байланысты «Дисконттық клуб» бағдарламасы бойынша серіктестердің көбеюі;

4. «Казкоммерц-Life» АҚ клиенттеріне Жеке кабинеті қолжетімді болады. Онда олар өздерінің сақтандыру келісімдерінің жағдайын тексеруге, төлемдердің кестесін көріп, басқа да сервистерді қолдана алады.

15

Мен сақтандыру агентімін.

Компаниялардың бірігуі кезінде мен өз комиссиялық сыйақымды ала аламын ба? Сыйақының шарттары қайта қарастырылады ма?

Компаниялардың бірігуі аяқталғанша екі компанияда да әрекет ететін уәждеме жүйелері бойынша барлық шарттар сақталады. Біріктірілген компания әр компанияда сақтандыру келісімдеріне қол қою кезінде әрекет еткен шарттарға сәйкес комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындайды.

Компаниялар біріктірілген соң біріктірілген компанияның атынан ресімделген жаңа келісімдерге таралатын уәждемелердің шарттары қайта қарастырылуы мүмкін.

16

 

Дивиденттер төленеді ме? Бұл туралы ақпаратты мен қалай алып тұрамын?

 

Қазіргі уақытта әрекет ететін сақтандыру келісімдердің шарттары еш өзгермейді, сол қалпында сақталады. Жылдық есептің қортындысы бойынша Компанияда пайда түсіп жатқан жағдайда клиенттерге дивиденттер төленеді. Бұл туралы ақпарат Сақтандырушының мекенжайына жазбаша Хабарлама арқылы жеткізіледі.

17

Өтеу сомасын қалай ала аламын?

Уәкілетті органның сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін бергенше, Сіздің келісіміңізге сақтандыру туралы келісім-шарты жасасқан компания қызмет көрсетеді. Қайта ұйымдастыруға келісімі берілген соң Сізге «Казкоммерц-Life» АҚ өзіңізге жақын орналасқан филиалына келіп (мекенжайлардың тізімі), тиісті өтінімді толтырып, сақтандыру туралы Келісім мен Ережелеріне сәйкес қажетті құжаттарды ұсыну қажет.

18

Пайда болған сұрақтар бойынша мен қайда хабарласып, кімнен кеңес ала аламын?

 

 

Уәкілетті органның сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін бергенше, Сіздің келісіміңізге сақтандыру туралы келісім-шарты жасасқан компания қызмет көрсетеді. Қайта ұйымдастыруға келісімі берілген соң Сізге «Казкоммерц-Life» АҚ өзіңізге жақын орналасқан филиалына келу қажет (мекенжайлардың тізімі).

19

Менің келісіміме өзгерістерді кім енгізеді, ақпаратты кімнен ала аламын?

Уәкілетті органның сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін бергенше, Сіздің келісіміңізге сақтандыру туралы келісім-шарты жасасқан компания қызмет көрсетеді. Қайта ұйымдастыруға келісімі берілген соң Сізге «Казкоммерц-Life» АҚ өзіңізге жақын орналасқан филиалына келу қажет (мекенжайлардың тізімі).

20

Енді мен зейнетақы (аннуитеттік) төлемдерді қалай алатын боламын?

Қос компания қайта ұйымдастырылғанша өз клиенттері алдында міндеттемелерін толығымен орындайды. Сізге тиісті аннуитеттік төлемдер Келісімде бекітілген кесте бойынша есеп шотыңызға аударылып тұрады.

21

Егер де деректемелер өзгеретін болса, онда аннуитеттік төлемдерді алу үшін ақпаратты қайда жіберуім керек?

 

Уәкілетті органның сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін бергенше, Сіздің келісіміңізге сақтандыру туралы келісім-шарты жасасқан компания қызмет көрсетеді. Қайта ұйымдастыруға келісімі берілген соң Сізге «Казкоммерц-Life» АҚ өзіңізге жақын орналасқан филиалына келу қажет (мекенжайлардың тізімі).

22

Егер де сақтандыру жағдайы немесе Сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда төлемдерді алу үшін құжаттарды қайда жіберемін?

Уәкілетті органның сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін бергенше, Сіздің келісіміңізге сақтандыру туралы келісім-шарты жасасқан компания қызмет көрсетеді. Қайта ұйымдастыруға келісімі берілген соң Сізге «Казкоммерц-Life» АҚ өзіңізге жақын орналасқан филиалына келу қажет (мекенжайлардың тізімі).

23

Сақтандыру жағдайы бойынша қаражаттың келіп түскені жайында және төлемдер қашан жүргізілетіні жайында кімнен анықтауға болады?

Уәкілетті органның сақтандыру компанияларды қайта ұйымдастыруға өз келісімін бергенше, Сіздің келісіміңізге сақтандыру туралы келісім-шарты жасасқан компания қызмет көрсетеді. Қайта ұйымдастыруға келісімі берілген соң Сізге «Казкоммерц-Life» АҚ өзіңізге жақын орналасқан филиалына келу қажет (мекенжайлардың тізімі).

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz