Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Консультациялық органдар

«Казкоммерц- Life» Өмірді сақтандыру комрпаниясы» АҚ консультациялық ( кеңесші-алқалық) органдарға  жатады:


1) Андеррайтингтік кеңес-

  • Директорлар Кеңесімен бекітілген шектеулер шеңберінде андеррайтингтік шешімдерді қабылдау;
  • алынған тәуекелдерді барабар бағалауын бақылау;
  • сақтандырылуға  алынған тәуекелдер бойынша сақтандыру жабудың жағдайларын анықтау;
  • сақтандыру шартына енгізілген негізгі және қосымша жағдайлардың тізілімін анықтау;
  • белгілі бір уақыт мерзімде жасалған шарттар бойынша алынған нетто-сыйақы мен жасалған төлемдер арасындағы оңтайлы айырманың ( сақтандыру оқиғасы орын алу мүмкіндігін есепке алуымен) өсуін қамтамасыз етуін жасайды.

Кеңес құрамына мүдделі құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері,тәуекелдерді басқару бөлімшелердің мүшелері және басшы қызметкерлер кіреді. Кеңестің құрамы Компанияның Директорлар Кеңесімен бекітіледі.


2) Активтер мен пассивтерді басқару  жөніндегі кеңес – Қайтарылым, әртараптандыру, кіріктілік  және өтімділік ұстанымдарын ескерілуімен инвестициялық саясатты қарастырады. Кеңес құрамына мүдделі құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері,тәуекелдерді басқару бөлімшелердің мүшелері және басшы қызметкерлер кіреді. Кеңестің құрамы Компанияның Директорлар Кеңесімен бекітіледі.

3) Ішкі аудит құрамы – Компания қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін тексереді. Бұл тексеріс Компанияның активтері мен пассивтерді басқару тиімділігін тексереді  және  пайдалылығы  мен  шығындардың мүмкіндігін анықтайды. Ішкі аудит қызметі құрамында екіден кем және бестен артық  санымен Компанияның Директорлар Кеңесімен құралады, тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және істеген жұмыс туралы оның алдында есеп береді.

4) Комплаенс- бақылаушы – Директорлар Кеңесімен тағайындалатын дербес құрылымдық бірлік. Оның құзіретіне комплаенс- тәуекелді басқару саясаттың жүзеге асырылуы үшін жауапкершілік  жүктеледі. Комплаенс-тәуекел – Компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтамауына байланысты шығындардың орын алу тәуекелі, уәкілетті органның шектеулі шаралар мен  рұқсатты қолдану тәуекелі, сақтандыру қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау салдарынан қомақты шығындары немесе беделін жоюы,мүдделердің шиеленістеріне немесе қызметкерлер  әрекеттерінің ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты айырылып қалған пайданың тәуекелі.

5) Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше – пайданы алу және өсіру үшін тәуекелдің деңгейін төмендету, акционерлік капиталды көбейту бойынша шараларды ұйымдастыруымен айналасады.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше өз қызметінде Компанияның Директорлар Кеңесіне тікелей бағынады.

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz