Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Компанияның пайдасына қатысумен, қосымша өтелімдері бар өмірді аралас сақтандыру - «Life-ИНВЕСТ+»

«Life-ИНВЕСТ+»: Бүгінгі біздің жұмысымыз - Сіздің ертеңгі амандығыңыз!

Көбіміз ақша жинап, тулап армандаған бір нәрсеге қол жеткізуге тырысамыз. Бірақ өмірдің ағымында армандарымыз кей кезде орындалмай қала береді. Оның себебі қөп. Сол қажетті ақша сомасын қалай жинауға және көздеген мақсатқа жететінімізге қалай сенімді болуға болады екен?   

Жыл сайын біздің елімізде  ертең нақты нені қалайтынын білетін адамдар саны көбеюде. Мұндай адамдар өздеріне мақсат қойып, жету әдістерін, олардың қашан орындалатынын анықтай алады. Мақсаты – қомақты сатып алу бола ма, үйлену тойы немесе балалардың оқуы ма. Сонымен қатар олар, әрине, кез келген сәтте армандарына қайшылық туғызатын жағдайлардың болуы мүмкін екендігін де ойлап жүреді. Барлық жоспарлары күтпеген жағдайларға -  жазатайым оқиғасы,  ауруға шалдығу, тіпті өліп қалуға байланысты мүлде жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ең жаманы – қаржы шығындарының жүгі олардың туыстары мен жақындарының, көп жағдайларда – жұбайы мен кішкентай балаларының мойына түсетіні. 

«Казкоммерц-Life» АҚ компаниясы барлық келеңсіз жағдайларды ескере отырып, адамдардың өміріне, денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне төнетін тәуекелдерден барынша сақтандыру арқылы қорғау үшін пайдасына қатысуымен, қосымша өтелімдері бар өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру - «Life-ИНВЕСТ+» бағдарламасын әзірледі. 

Пайдасына қатысуымен, өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру «Life-Инвест+»  бағдарламасы Сізге кеңінен сақтандыру арқылы қорғауды пайдалануға және сақтандыру оқиғасы басталған жағдайда өз қалауыңыз бойынша кез келген қосымша өтемақылар жиынтығын таңдауға мүмкіншілік береді. Бұл жағдайда сақтандыру шартын жасасаңыз, Сіз кепілді кіріске ие болумен қатар, Компанияның инвестициялық қызметінен түсетін пайдаға қатысу арқылы қосымша кірістілікке ие болуға мүмкіндік аласыз. 

 «Life-Инвест+» бағдарламасы бойынша Сіз:  

  • өліммен аяқталған жазатайым оқиғасы болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемді; 
  • жазатайым оқиғасы салдарынан 1,2 топ мүгедектігі анықталғн жағдайда сақтандыру жарналарын төлеуден босатуды;
  • жазатайым оқиғасы салдарынан 1,2 топ мүгедектігі анықталғн жағдайда, кез келген себепті - сақтандыру арқылы қорғаудың 3-жылында сақтандыру жарналарын төлеуден босатуды;
  • жазатайым оқиғасы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылуына байланысты емдеуге жұмсалған шығындарды өтеуді; 
  • жазатайым оқиғасы салдарынан емханада емделуге жұмсалған шығындарды өтеуді;  
  • ауыспалы ауру анықталған жағдайда емделуге төлеуді;
  • жазатайым оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған жағдайда өтемақыны

қамтамасыз ететін сақтандыру қорғаудың әртүрлі құрамын жасау мүмкіндігіне ие боласыз.

Сақтандыру шартының қолданылу мерзімінде аталған сақтандыру оқиғаларының кез келгені басталған жағдайда «Казкоммерц-Life» АҚ Сізге және Сіздің жақындарыңызға келтірілген материалдық зиянды өтейтін сақтандыру төлемін жасайды.

 Сақтандыру бағдарламасының артықшылығы: 

  • Белгілі ақша сомасын жинақтау, сондай-ақ компанияның қосымша инвестициялық пайдасына қатысу мүмкіндігімен қатар, сақтандыру арқылы қорғауға ие болу;
  • Өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру (5, 10 жылға және одан ұзақ);
  • 5% мөлшерінде кепілді инвестициялық кіріс;
  • Компанияның қосымша инвестициялық қызметінен түсетін пайдасына қатысу арқылы қосымша кірістілікке ие болу мүмкіндігі (алғашқы сақтандыру сомасының бонустық сақтандыру сомасының мөлшеріне артуы);    
  • Сақтандыру полисі бойынша өтеу сомасын кепілге салу арқылы несие алу мүмкіндігі; 
  • Инфляциядан қорғану үшін сақтандыру сомасын және сақтандыру төлемдерін жыл сайын индекстеуге  мүмкіндік беріледі; 
  • Бағдарламаның икемділігі Клиентке кез келген құрамда қосымша сақтандыру қорғауын таңдауға мүмкіндік береді.

 Кімге сақтандырылуға болады?          

14 (он төрт) пен 65 (алпыс бес) аралығындағы жеке тұлға (бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолдануы аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспау керек).

Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу аумағы мен уақыты:  Бүкіл әлем бойынша, тәуліктің 24 сағаты.   

Өз мақсатына жетуді көздейтін және болашақта өз отбасының амандығын ойлайтын адам көбінесе өмірді жинақтаушы сақтандыруды таңдайды.  Өйткені сақтандырудың бұл түрі қаржының жинақталуын
және сақтандырылған тұлға мен оның жақындарын күтпеген жағдайдан қаржылық қорғаудың қамтамасыз ету кепілі болып табылады. 

 

Өзге өнімдер:

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz