Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

LIFE-РЕНТА+: пайдаға қатысу шартымен кейінге қалдырылған аннуитет

Бір зейнетақы жақсы, ал екі – одан да жақсы!

LIFE-РЕНТА+: пайдаға қатысу шартымен кейінге қалдырылған аннуитет    

Күнделікті тірлікте оқу, жұмыс, жеке басқа байланысты туындайтын мәселелерді шешіп жүріп, 10, 20 немесе тіпті 40 жылдан кейін бізбен не болатыны жөнінде біз жиі ойланбаймызда, ал сол кезең келетіні анық.  Бір зейнетақы сонда жетеді ме екен? Бір зейнетақы жақсы, ал екі зейнетақы – одан да жақсы

«Казкоммерц-Life» АҚ Компаниясы  Сізге «Рента+»сақтандыру бағдарламасын ұсынады.

«Life-Рента+» бағдарламасы арқылы Сіз өзіңізге САҚТАНДЫРУ ҚОРҒАУЫН қамтамасыз етіп қана қоймай, өз «зейнетақы жасыңызды» таңдап, ЕКІНШІ ЗЕЙНЕТАҚЫ алуға мүмкіндік тудырасыз!  

Қорғаудың негізгі түрі: 

Қайтыс болған жағдайдан сақтандыру, жинақтардың қалыптасуы және үшінші сақтандыру жылынан бастап сақтандыру дивидендтерін бөлу шартымен пайдаға қатысу мүмкіндігі (полистің үшінші жылына сәйкес келген қаржы жылдың қорытындысы бойынша).  

Сақтандыру төлемдері аннуитеттік төлемдер мерзімінің ішінде жинақтау мерзімі аяқталған кезде аннуитеттік (мерзімдік) төлемдер түрінде жасалады. 

Бағдарлама сақтандыру қорғауының қосымша  3 түрін (қосымша өтелімдер) қамтиды:  

1) жазатайым оқиға салдарынан Аннуитенттің қайтыс болуынан сақтандыру; 

2) жазатайым оқиға салдарынан Аннуитенттің 1, 2-топ мүгедек болуынан сақтандыру;  

3) жазатайым оқиға салдарынан Аннуитенттің жарақат алуынан сақтандыру. 

 Кім Аннуитент бола алады? 

 «Life-Рента+» бағдарламасы бойынша 2-65 жастағы адам Аннуитент бола алады, бірақ аннуитеттік төлемдер басталған күніне оның жасы 18-ден аспауға тиіс. 

Сақтандыру шартын кім жасаса алады? 

18 жастан асқан жеке тұлға немесе заңды тұлға. 

Сақтандыру қорғауын неше жылға алуға болады? 

Сақтандыру мерзімі 5 жыл және одан да ұзақ болуы мүмкін. 

Қандай сомаға сақтандырылуға болады? 

Ең үлкен сақтандыру сомасы -  тараптардың келісуі бойынша анықталады. 

Сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеуге болады ма? 

Сақтандыру жарналарын ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жыл сайын,  біржолғы төлеуге болады. Бұл ретте ең төмен сақтандыру сыйлықақысы ай сайын 5000 теңге немесе жылына 60 000 теңге құрайды.    

Сақтандыру төлемдері:

  • · Аннуитент жинақтау кезінде қайтыс болған жағдайда – Аннуитенттің қайтыс болу жағдайдағы және сақтандыру төлемі жасалатын күні бонустық сақтандыру сомасының (егер ол болса) мөлшерінде;  
  • · жазатайым оқиға салдарынан қосымша өтелім бойынша жинақтау кезінде Аннуитент қайтыс болған жағдайда – осы өтелім бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде;     
  • жазатайым оқиға салдарынан Аннуитент  1, 2-топ мүгедегі болған жағдайда - осы өтелім бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде;  

жазатайым оқиға салдарынан Аннуитент  жарақат алған жағдайда – осы өтелім бойынша сақтандыру сомасының пайызында, «Дене жарақаттар бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесіне» сәйкес жасалады.  

Өзге өнімдер:

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz