Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Сақтандыру агент мамандығы

Сақтандыру агенті - біздің елімізде әлі жаңа мамандық. Агенттер немен айналасатыны және ақшаны қалай табатыны жөнінде  көбісі біле  бермейді.

Қысқаша айтсақ, сақтандыру Агенті   сақтандыру ұйымының сақтандыру полистерін сатады, яғни сақтандыру шарттар жасалу бойынша сақтандыру ұйымның мүддесін қорғайды. Шын мәнінде, олардың жұмысы тым кеңірек.

Сақтандыру агенттер сақтандыру Шартын жасасуымен шектелмейді: олар клиенттерге  үнемі кеңес береді, сақтандыру өнімдердің түрлерімен таныстырады, артықшылықтарын түсіндіріп, оларды таңдауға көмектеседі. Кеңестік қолдауды шарт жасасу барысында ғана емес, сақтандыру шарттың қолданыс мерзімінен бастап оның соңына дейін қамтамасыз етеді.

Сақтандыру агенті  жеке және заңы тұлға бола алады, мысалы, банктер, туристтік ұйымдар, автосалондар. Олар өздерінің клиенттеріне сақтандыру шартын ұсына алады.

Клиенттер үшін бұл өте ыңғайлы, өйткені бұл жағдайда сақтандыру шартын жасау барысын өз жауапкершілігіне алады.

Сонымен бірге, сақтандыру ережелері мен артықшылықтарын түсіндіріп, шарт жасауға тартатын делдалдық етуші агенттер де және берілген үлгі бойынша сақтандыру полистерін, шарттарын жасау өкілдігі бар агенттер.

Тәжірибесі мол, арнайы білімді агенттерге одан да күрделі сақтандыру өнімдерін сатуға тапсырады.

Агент - біздің компанияның  сатылым Департаментіндегі алғашқы мансап баспалдағы.Келесі деңгейге көтерілуі агенттің біліктілігі, зеректігі және жігерлігіне тәуелді.

Кәсіптік шеберлігін жетілдіру және жалақыны өсіру мүмкіндігі шексіз!  Толығырақ

Сақтандыру Агенті - біздің сақтандыру Компанияның ең маңызды бөлшегі, біздің ұйымшыл ұжымының мүшесі болуға Сіздің толық мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.

Қазіргі кезде өмірді сақтандыру дамуда. Сақтандыру бизнесі - өркендеу бизнестің бірі. Адамдар бүгінгі күнде сақтандыру саласына сеніммен қарайтын болды, сондықтан өмірді сақтандыру қажет екенін түсінді.

Сақтандыру агенті -  жалақысы жағымды өте қызық жұмыс. Сіздің жұмысыңыз  нақты және келешек клиенттермен кездесу, сақтандыру қызмет түрлері жөнінде хабардар ету, сақтандыру шартын жасасу және  оған әрі қарай   қолдау қөрсету болып табылады. Біздің агенттеріміздің жұмыс  тәртібі еркін және еңбекақысы кесімді. Қанша уақыт жұмыс жасайсыз, қанша ақша аласыз - оны өзіңіз шешесіз, ал Сіздің тәлімгеріңіз жұмысыңызды жоспарлап, нәтижелі болуға көмектеседі.

Осы жұмысқа алу  барысында адамның мейірімділігі, оның өжеттілігі, жігерлігі, өмірге деген оңтайлы қөзқарасы, шығармашылық қасиеті бар адамдарға көңіл аударылады.

Біз кез келген мамандық иелерін (экономисттер, дәрігерлер, инженерлер және т.б.) белсенді  де алғыр үміткерлерді қабылдауға дайынбыз!

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz