Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Директорлар Кеңесі

Ракишев Кеңес Хамитұлы

"Казкоммерц-Life" АҚ Директорлар Кеңесінің Өкілі 15.09.2016 ж. бастап қызметін атқарады

Кеңес Ракишев өз қызмет жолын 1998 жылы қарапайым маман қызметінен бастаған, кейіннен Қазақстанның бірқатар компанияларында, солардың ішінде банк саласындағы танымал компанияларда басшы болған. Ракишев мырза Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, кейін Oxford Saïd Business School және London Business School бизнес мектептерін тәмамдаған, заң және экономика салалары бойынша білім алған. 2006 жылдан бастап «SAT & Company» АҚ Директорлар кеңесін басқарып келеді, ал 2012 жылдан бері Net Element International жаһандық технологиялық компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Выборгтың кеме құрылыс зауыты» АҚ, «Астраханьдағы кеме зауыты» ААҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2013 жылғы желтоқсаннан бастап, Central Asia Metals plc (CAML) компаниясының атқарушы емес директоры, ал 2014 жылғы ақпанда «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 2015 жылдан «Казкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарса, 2016 жылғы 28 сәуірден бастап Қазкоммерцбанктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Абай Искандиров

директорлар Кеңесінің мүшесі (осы қызметте 2016 жылғы қыркүйектің 6-нан бастап)

Искандиров мырзаның мемлекеттік экономиканың мемлекеттік және коммерциялық секторында қомақты жұмыс тәжірибесі бар. Искандиров мырза ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қызметтер атқарып, «Қазына» тұрақты даму Қорында басқарушы директор лауазымында болған. Кейіннен 2008-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-на қаржы директоры қызметіне шақырылды және 2010-2011 жылдары «Темірбанк» АҚ директорлар Кеңесін басқарды. 2011 жылы экономикалық даму және сауданың вице-министрі болып тағайындалды, ал 2013 жылы - Премьер-министрдің орынбасарының аға кеңесшісі. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жұмыс істеді, алғашында төрағаның аға кеңесшісі, кейінірек монетарлық операциялар мен активтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды. Ол ҚазМЗУ-дың заң ғылымының «қаржы және салық құқығы» мамандығы бойынша бакалавры, заң ғылымының «халықаралық кәсіпкерлік құқығы» мамандығы бойынша магистрі және АҚШ-тың Oxford Brookes University экономика ғылымының «халықаралық менеджмент» мамандығы бойынша магистрі дипломдарын қорғаған. «Құрмет» орденнің иегері, бірқатар мемлекеттік наградалар мен медальдарымен марапатталған.

Аханов Серік Ахметжанұлы

директорлар Кеңесінің мүшесі- Тәуелсіз Директор

1951 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қаржы саласы мен мемлекеттік органдарда елеулі жұмыс тәжірибесі бар. ҚазССР Министрлер Кеңесінде (1990-1991), ел Президентінің Аппаратында жұмыс істеген (1991-1993), экономика Министрінің орынбасары (1993-1994 және 1999-2001), Эксимбанктің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (1994-1997 және 2001), Ұлттық Банк төрағасының орынбасары (1997-1999), қаржы Вице-министрі (1999) қызметтерін атқарған. 2002-2003 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, 2003-2004 жылдары Банк Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. 2004- жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы. 2011 жылдың 12 қыркүйегінен «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі- тәуелсіз директор.

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz