Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Аралас сақтандыру Полис иеленушілеріне қарыз алу

Құрметті клиенттер

«Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру Полистерінің иеленушілеріне қарыз беру тәртібі жөнінде хабардар етеді.

Қарыз келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

  1. Кеңес
    Қарыз алуға ниет білдірген Сақтанушы кеңес алу үшін «Казкоммерц-Life» АҚ Компаниясының өңірлік бөлімшесіне жүгіне алады.Компания қызметкері Сақтанушыға қарыз алу талаптарын түсіндіреді, егер Сақтанушы барлық жағдайлармен келіскен болса, қарыз алуға Өтініш толтырады және Компанияға қолданыстағы сақтандыру Шартының, жеке тұлға куәлігінің, сақтанушының СТН көшірмелерін, сондай-ақ қарыз сомасы аударатын банктің деректемелерін береді.
  2. Сақтанушыға қарыз беру мүмкіндігін бағалау
    Жинақталған құжаттар пакеті Компанияның өкілетті маманның қарастыруына жіберіледі.Ол мәліметтердің Компания қоятын талаптарына сәйкестігін тексереді және Сақтанушыға қарыз беру мүмкіндігін бағалайды.
    Қарыз беру туралы шешім қабылдағаны жөнінде немесе керісінше, беруден бас тартылған жағдайда, құжаттар толық пакеті алынған күннен кейінгі 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Сақтанушыға хабарланады.
  3. Қарыз беру туралы шешімнің қабылдануы
    Қарыз беру туралы шешім қабылданған жағдайда Компания маманы қарызды өтеу кестесімен бірге Шарт дайындайды, Сақтанушы оған қол қойғаннан кейін қарыз беру туралы Бұйрық шығарылады, содан кейін Сақтанушы көрсеткен банктік деректемелері бойынша ақшалай төлем жасалады.
  4. Қарыздың өтелуі
    Сақтанушы қарызды сақтандыру төлемдерін төлеуімен қатар сақтандыру Полисі және Қарыз шартына сәйкес Компанияның шотына ай сайынғы аударымдар арқылы өтейді, бұл ретте Сақтанушы қарызды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

Қарызға беру жағдайлары:

  • Қарыз сомасы – қарыз беру сәтіне қалыптасқан 2 жылдан астам қолданыстағы өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру Полисі бойынша өтеу сомасының 85% аспайтын;
  • Қарыз мерзімі – 6 айдан 36 айға дейін, бірақ өмірді аралас (жинақтаушы) сақтандыру Полисінің қолданыс мерзімінен аспау керек;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жыл сайын Компанияның актуарийімен бекітіледі, дегенмен өткен қаржы жылдың инфляциясының ресми деңгейінен кем болмайды, немесе өлшемнің ең үлкеніне байланысты, жинақтаушы сақтандыру шартымен кепілденген инвестициялық кірістілік мөлшерлемесі, плюс 2%;
  • Қосымша комиссиялары – жоқ.
Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz