Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Сұрақ-жауап

Аралас (жинақтаушы) сақтандыру

1. Өмірді жинақтаушы сақтандырудың негізгі ұстанымдардың мағынасы неде?

Әрбір адам үшін сақтандырудың барлық түрдің ең маңыздысы өмірді сақтандыру болып табылады. Жазатайым жағдайлар мен тағдырдың кездейсоқ жағдайлардан сақтандырылу мүмкін еместігі, әрине, түсінікті, дегенмен олардың салдарларын азайтып, туыстар мен жақындарға көмек көрсету- әрбіреуіміздің қолынан келетін іс. Өмірді сақтандырудың негізінде клиент пен сақтандыру компанияның арасындағы қарым-қатынастың ұзақтығы жатады. Сақтандыру шартын жасасу кезінде шарттың осы немесе өзге нысаны нені көздейтінін адамға анық білгені жөн.

Өмірді сақтандыру сақтандырылған тұлғаның қайтыс болған немесе сақтандыру шартпен көзделген немесе межелі жасқа жеткен жағдайларда сақтандыру төлемдердің жасалуы қарастырылған сақтандырудың жиынтығы болып табылады.

Қайтыс болу немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайларына өмірді сақтандырудың несиелеу кезінде өте маңызды. Егер қарызгер кездейсок жағдайға тап болса – мүгедектік немесе өлім – берешектің өтелуі туыстардың жауапкершілігінде болады. Мұндай жағдайды туғызбау үшін несие мөлшеріне тең сақтандыру сомасына шарт жасаған жеткілікті болады. Мысалы, кейбір елдерде ипотека дамыған,сондықтан қарызгердің өмірін сақтау ипотекалық несие берудің негізгі жағдайы болып табылады.

Жазатайым оқиғадан сақтандырудың қосымша бағдарламасымен бірге өмірді жинақтаушы сақтандыру бұл жай ғана өмірді сақтандыру емес. Жалғыз шарттың шегінде ауруханаға жатуына,жарақат алуына, уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеп соққан жазатайым оқиғадан клиент сақтандырылуы мүмкін. Бұл ретте, ауру немесе жарақаттанудың жағымсыз салдарлары клиентке де,сол сияқты туыстар мен жақындарына өте ауыр тимейді.

Қазіргі кезде өмірді жинақтаушы сақтандыру кеңінен тарала бастады, өйткені сақтандыру компаниялар өздерінің клиенттеріне жаңа және пайдалы бағдарламаларды ұсынады. Өмірді жинақтаушы сақтандыруды әр түрлі мақсатқа пайдалануға болады: балаларды оқытуға, қосымша (мемлекеттік емес) зейнетақыны жинақтауға, пана сатып алуға, саяхат жасауға және т.б. Өзіңнің отбасыңа, келешегіңе қатысты алдын-ала қамқорлық жасауға болады. Мұндай ізгі және көреген жоспарларды өмірді сақтандыру шартын жасасу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Өмірді жедел сақтандырудың үлгілі талаптарына ақша жинақталуы мен сақтандыру мерзімінің соңына дейін аман болған жағдайда кепілді сомаларды алу мүмкіндігі қосылады.

2. Депозитте ақша жинақтау мен полисті сатып алу арасындағы айырмашылығы неде?

Егер Сіз жинақтың барынша үлкен пайызын қысқа мерзімде алғыңыз келсе, онда Сізге Банкке барғаныңыз жөн болады. Егер Сіздің жоспарыңызда балалардың оқуы, кәрілік жаста зейнетақымен қамтамасыз көзделген болса, онда Сіздердің өмірді сақтандыру компаниясына барғандарың дұрыс болғай.

Мерзімі 5жылға дейін болатын банктік депозиттеріне қарағанда өмірді сақтандыру ұзақ мерзімді болуы мүмкін, яғни, 5, 10 және 20жыл.

Депозит белгілі бір соманы жинақтап, кепілді инвестициялық кірісті алуға мүмкіндік береді, ал өмірді жинақтаушы сақтандырудың полисі белгілі бір мөлшерде ақшан жинақталуымен бірге, өзің қалаған сомаға сақтандырылуға мүмкіндік береді.Егер Сақтанушы сақтандыру мерзімінің соңына дейін аман болса, ол бүкіл жинақталған ақша сомасын алады. Егер сақтандырылушы қайтыс болса, оның қандай мерзім ішінде оқиға болуына және жинақталған ақшасына тәуелсіз оның пайда алушыларына ол тірі болған жағдайда жинақталатын ақша, яғни өмірі қандай сомаға сақтандырылса, сонша ақша төленеді.

Пайда алушыны, яғни төлем алушыны Сақтанушы өзі белгілеп, оны сақтандыру полисінде көрсетеді.Ал депозит салымшысы қайтыс болған жағдайда- депозитте жинақталған ақша сомасына ҚР азаматтық кодексі бойынша оның мұрагерлері ие болады. Өмірді сақтандыру қайтыс болу жағдайынан басқа қосымша келесі тәуекелдерден сақтандырылуға болады, мысалы, мүгедектік жағдайына. Егер сақтандыру қорғауы қолданылған мерзімде оған мүгедектік берілген болса, бұл мерзімде полис бойынша жарналарды әрі қарай төлеуге қажеті жоқ.Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру компаниясы сақтандырылған тұлғаның дені сау болып жұмыс істеген жағдайдағы сияқты инвестициялық кірісімен бірге барлық сақтандыру сомасын төлейді.

Белгілі бір соманы алдын-ала көзделген мерзім орын алған сәтіне баланың пайдасына жинақтауға болады – мысалы, кәмелетке толу, неке қию, ЖОО түсу және т.б.

Осы бөлім бойынша сұрақ қою
Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz