Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

Глоссарий

Актуарий – сақтандыру Компанияның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында міндетемелер мөлшеріне, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша, сақтандыру сыйақылардың мөлшерлемелеріне, өткізілетін және өткізілуі жоспарланған сақтандырудың түрлеріне экономикалық-математикалық есептеулерін жасайтын жеке тұлға. Уәкілетті органы берген лицензияға ие.

Аджастер – сақтандыру төлем жөніндегі өтінішті және сақтандыру оқиғасы салдарынан болған шығындарды бағалауымен айналысатын сақтандыру ( қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері.

Андеррайтер – сақтандырылуға жататын сақтандыру тәуекелдердің бағалауымен және сақтандыру (қайта сақтандыру ) шарттардың жағдайларын анықтауымен айналысатын сақтандыру ( қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері.

Аннуитеттік сақтандыру – зейнетақы түрінде мерзімді сақтандыру төлемдердің немесе сақтандыру шартымен бекітілген мерзім ішіндегі рентаның немесе сақтандырылған тұлғаның белгілі жасқа жеткен жағдайда,еңбекке қабілеттілігінен айырылу ( жасына, мүгедектігіне, ауруына қарай), асыраушының қайтыс болған жағдайда, жұмыссыздық орын алған жағдайда немесе сақтандырылған тұлғаның дербес кірісінің төмендеу немесе айырылу жағдайларында өмірлік төлемдердің жасалуын қарастыратын жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Өтеу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шарты мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтанушының алатын ақша сомасы.

Сақтандырылған тұлға – сақтандырудың жасалуына қатысты тұлға.

Жазатайым оқиға – Сақтандырылған тұлғаның ағзасына сыртқы механикалық, электр, химикалық немесе термиялық әсерінің нәтижесінде денсаулығына зиян келтіруіне, жарақаттануы немесе өліміне әкеп соққан адамның ерігіне тәуелсіз кенет болған оқиға.

Қайта сақтандыру –барлық сақтандыру тәуекелдерді немесе оның бөлігін қайта сақтандыруға Қайта сақтандырушымен тапсырылуы және қайта сақтандыру шартына сәйкес бұл тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымымен қабылдануы.

Аралас сақтандыру – сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда сақтандыру төлемнің жасалуын көздейтін сақтандыру, оның ішінде сақтандыру шартымен белгіленген мерзімнің аяқталғаннан кейін немесе оның сақтандыру шарты мерзімнің соңына дейін аман болу немесе шартпен көзделген өзге жағдайды көздейтін сақтандыру, қайсысы бұрын орын алғанына байланысты.

Өмірді сақтандыру – сақтандырылған тұлғаның қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімнің аяқталуына дейін, немесе сақтандыру шартпен белгіленген жасқа дейін жеткен жағдайда сақтандыру төлемнің жасалуын көздейтін сақтандыру түрлердің жиынтығы:

  1. Өмірді сақтандыру;
  2. Аннуитеттік сақтандыру;
  3. Өмірде белгілі жағдайына сақтандыру;
  4.  Сақтандырушының инвестициялық кірісіне Сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.

Сақтандыру төлемі – сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда немесе сақтандыру шартпен бекітілген мерзімнің орын алған жағдайда Сақтандырушының Пайда алушыға төлейтін ақша сомасы.

Сақтандыру ұйымы (Сақтандырушы) – уәкілетті органы берген лицензиясы негізінде сақтандыруды және сақтандыру шарттардың орындауын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру сыйақысы ( сақтандыру жарналары) – сақтандыру шартымен белгіленген мөлшерде Сақтанушыға ( Пайда алушыға) төленуге тиісті сақтандыру төлемнің ақша сомасы.

Сақтандыру агенті- сақтандыру агенттердің тізіліміне енгізілген және бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және тапсырма шарттың негізінде оның тапсырмасы бойынша бітістіруші қызметін атқаратын жеке немесе заңды тұлға.

Сақтандыру брокері – сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасалуына және орындалуына байланысты сақтанушының қатынастарын көрсететін немесе сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттардың жасалуына байланысты бітістіруші қызметін, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша кеңестік қызметін атқаратын заңды тұлға.

Сақтандыру омбудсман – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.

Сақтандыру тәуекел – сақтандыру жағдайдың орын алу мүмкіндігі.

Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарттың талаптарына сәйкес тәртіпте сақтандыру төлемі жасалатын жағдайдағы сақтандыру шартпен көзделген оқиға.

Сақтандыру резервтері – актуарлік есептеу негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың міндеттемелері.

Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz