Компания туралыҚызметтерКлиенттергеАгенттергеМансапӘлеуметтік жауапкершілікНауқандарЖаңалықтарБайланыс
Life-club
Частным лицам Бизнес клиентам

«Казкоммерц-Life» АҚ-ы 2017 жылдың қорытындысы бойынша 198 миллион теңгеге жуық пайданы сақтандыру дивиденті түрінде бөліп береді

Казкоммерц-Life» АҚ-ның Директорлар Кеңесі 2018 жылғы сәуірде Компанияның 2017 жылы сәтті аяқталған инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша компанияның кірісіне қатысатын жинақтаушы шарттары бар сақтандырушылар арасында пайданы бөлу туралы шешім қабылдап, дивидент мөлшерлемесінің көлемін бекітті.

 Бұл шешімді Басқарма төрағасының орынбасары В.Любимов былай деп түсіндірді: «2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің Компания өз клиенттеріне шамасы 198 миллион теңгені бөліп беруді жоспарлауда. Біз сақтандыру дивиденттерін 18 700-ден артық клиенттеріміз арасында бөлеміз деп есептеп отырмыз. Осылайша, компанияның кірісіне қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша шарттары бар клиенттер өздерінің сақтандыру шарттары бойынша кепілдендірілген табыс мөлшерлемесімен қоса 2017 жылдың қорытындысы бойынша 8,9%-ға дейін табыс табады. Осымен Компанияның үш жыл қатарынан өзінің сақтандыру дивиденттерін өз клиенттері арасында бөліп беріп, бонустық сақтандыру сомасының көлеміне қосымша сақтандыру қорғанысын алуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн».

Сонымен 198 миллион теңгені сақтандыру дивиденттері түрінде үйлестірудің нәтижесінде компанияның кірісіне қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 266 миллион теңгеге ұлғаяды.

 

Архив новостей
Нравится
"Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру Компаниясы» АҚ қуанышпен Сіздерге өзінің жаңғырған корпоратив сайтын ұсынады.

Пайдаланудың ыңғайлығы мен ресурстің жаңа дизайнын бағалаңыздаршы.
Барлық сұрастырулар
Телефоны:
(727) 244 56 06
Факс:
(727) 244 56 09
info@kklife.kz